Думан

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Әдет-ғұрып пен ырым-тыйымдардың ретін де біле бермейтіндер көп-ақ.


• Қолды жумай тамаққа отыруға бол­майды. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалуы тиіс. Қол жуған­да қолдың әрбір саусағы жеке-жеке жуылады.

• Дастарқан басында адамдар жасы­на қарай отырады. Тамақ әуелі үлкен кісінің алдына қойылады.

• Тамақты асықпай ішеді. Тамақ ішер алдыңда «Бисмиллаһи рахмани рахим» деп нанды үзіп, ауыз тигеннен кейін ғана тамақ жеу басталады. Бұл сөз «Мейірімді Алланың атымен бастай­мын» дегенді білдіреді.

• Тамақты оң қолдың үш саусағымен алады және әркім өз алдынан жейді.

• Ыстық тамақты, шайды үрлеп суытпайды. Тамақтың құты кетеді.

• Тамақты және шайды өте ыстық немесе салқын күйінде ішуге болмайды.

Тамақты аз-аздан алып, асықпай шайнап жейді.

• «Наны қатты екен», «шала піскен», «күйіп кеткен» немесе «езіліп кеткен» т.б. сөздерді айтып нанды, тамақты сынамайды. Нанды, тамақты сынау –аштықты шақыратын жаман ырым. «Ас – адамның арқауы» саналады. Асты жамандаған адам аштықта өледі деп жориды.

• Тамақты шынтақтап жатып, түрегеп тұрып немесе тым еңкейіп отырып жеуге болмайды. Тамақты отырып жеген абзал.

• Дастарқан басында мағынасыз әңгімелер айтуға болмайды. Тамақтану кезінде әрбір адам өзін-өзі ұстай білуі, мүмкіндігінше аз сөйлеуі тиіс.

• Бейіт басында немесе оның жанын­да тамақ жеуге болмайды. Ал көшеде, ба­зар­да, көлікте мүмкіндігінше көпші­лік­тің назарын аудартпай тамақтанған дұ­рыс.

• Тамақ жеп отырған адамды орны­нан қозғау әдепсіздік болып саналады.

• Қонақ адам тамақты тәбетіне орай, өз қалауынша жегені дұрыс. Оған тамақты зорлықпен алдыру әдеп­сіздік болып саналады.

• Тамақты, нанды қалдырмай, тауы­сып жеп қою керек. «Жаманнан жарты қасық ас қалар» деген сөз бекер айтыл­маған.

• Тамақ ішіп болғаннан соң тұрып кетуге болмайды. Өйткені тамақтану соңында ас қайырылып, бата беріледі. Үй иесіне жақсы тілек айтылады.

• Ас ішіп болған соң, «тойдым» демейді, «қанағат» деген жөн.

• Дастарқан басында отырған қонақ­ты санамайды. Қонақты санау жаман ырым саналады.

• Дастарқан аттаған әдепсіздік болып саналады.

• Әкесі тірі бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса, әкесі өліп қалады деген ырым бар.


Құрметті оқырман!

Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.

Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!


Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062 




Көрілген: 1785    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.12.2013, 13:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Желтоқсан 2013
    Жаңажылдық бата
    25 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    24 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    20 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    19 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    13 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    12 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    11 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    10 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    6 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    5 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    4 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    30 Қараша 2013
    Роза ӘЛҚОЖА
    29 Қараша 2013
    Анығы – осы
    28 Қараша 2013
    Анығы – осы
    27 Қараша 2013
    Анығы – осы
    26 Қараша 2013
    Сержанали ӘЛІБЕК
    26 Қараша 2013
    Анығы – осы
    21 Қараша 2013
    Анығы – осы
    20 Қараша 2013
    Анығы – осы
    19 Қараша 2013
    Анығы – осы
    16 Қараша 2013
    Анығы – осы
    15 Қараша 2013
    Анығы – осы
    14 Қараша 2013
    Анығы – осы
    13 Қараша 2013
    Анығы – осы
    12 Қараша 2013
    Анығы – осы
    8 Қараша 2013
    Анығы – осы
    7 Қараша 2013
    Анығы – осы
    6 Қараша 2013
    Анығы – осы
    5 Қараша 2013
    Анығы – осы
    2 Қараша 2013
    Анығы – осы
    1 Қараша 2013
    Анығы – осы
    31 Қазан 2013
    Анығы – осы
    30 Қазан 2013
    Анығы – осы
    29 Қазан 2013
    Анығы – осы
    24 Қазан 2013
    Анығы – осы
    23 Қазан 2013
    Анығы – осы
    22 Қазан 2013
    Анығы – осы
    19 Қазан 2013
    Анығы – осы
    18 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Сайнхо – Алматыда!
    11 Қазан 2013
    Анығы – осы
    10 Қазан 2013
    Анығы – осы
    9 Қазан 2013
    Анығы – осы
    8 Қазан 2013
    Анығы – осы
    5 Қазан 2013
    Анығы – осы
    4 Қазан 2013
    Анығы – осы
    3 Қазан 2013
    Анығы – осы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30