Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бiр-бiрiн шақпайды ғой жыландар да

20 сәуір 2011, 17:09

Бiр-бiрiн әзiлмен қағытып, қара сөздiң қаймағын қалқыған ақындар бүгiн тағы басылым бетiнде ой түйiстiрiп отыр. Әзiрге өзара бес реттен сөз алмастырып үлгерген екi айтыскердiң тартысы әлi бiр аптаға жуық уақытқа созылады. Талай додада топ жарған Айнұр ақынға жас та болса дес бермей келе жатқан Жандарбек бауырымыз кешегi айтысында:
Жақпайсың не десең де бұл халыққа,
Бұлғақов айтар сөзден бұлтарып па?!– деп келетiн мiнездi жыр жолдарымен қарсыласына сес көрсеткендей болып едi. Газет қолына тиiсiмен артынан iле-шала жауап жазған Айнұр, өлеңмен өрiлген шумақтарын бiзге жолдаған екен.


Ұстағанмен тәспi мен Құран қолға,
Әкеңнiң бақсылығы күмәндi ол да.
Ол менi дуаламас, ақын түгiл
Бiр-бiрiн шақпайды ғой жыландар да.

Жандарбек, басқа пәле тiлден шығар,
Мен емес сөздерiңе бiрден сынар.
Айтыс тоқтап, таба алмай әкең сенi,
«Бармысың, бауырымда!?» жүрген шығар.
Ақынмын жамағатқа жыр ұқтырған,
Өнерiм бiлiмiмдi шынықтырған.
Ақырзаман балдары сендерсiңдер,
Барлығын iштен оқып, бiлiп туған.

Бiлiмдi бiлемiн деп айта алмайды,
Бiлiмсiз көп бiлем деп айқайлайды.
Сауатсыз екенсiң деп ешкiм бiздi,
Жұмақтың есiгiнен қайтармайды.

Жазба айтыстан көз жазбайтын құрметтi Алаш оқырмандары! Газет бетiнде күнделiктi жарияланып тұратын сөз сайысын қалт жiбермей, қадағалап отырыңыздар!
Сiздердiң пiкiрлерiңiз мiндеттi түрде ескерiледi. Ақындарға қатысты талап-тiлектерiңiздi телефон қоңыраулары және хат арқылы бiлдiруге болады.
Сөзiмiз түзу, рухымыз мықты болcын!
e-mail: alash_ainasy@mail.ru Факс: 8(727) 388-80-61. Тел: 388-80-64
РЕДАКЦИЯ