Қарашаның 30-ы күні Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің орган залында «Сарыарқа» ұлттық ансамблі концерт береді. «Думанды ел» атты музыкалық шара ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналып отыр.
Астана қаласы әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша, концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейханқызы, мәдениет қайраткері Естай Мұқышев, Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері Нұртай Танабаев, республикалық байқаулардың лауреаты, белгілі әншілер Ерлан Рысқали, Данияр Мұқан, Перизат Тұрарова, Шәмші Қалдаяқов атындағы конкурстың лауреаты Күнсұлу Тұрлыбекова және басқа да әртістер өнер көрсетеді. Өнер иелері қазақ композиторларының танымал шығармаларын, ән-күйлерін орындайды. Айта кетейік, қазір еліміздің барлық аймағында, соның ішінде, елордада Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шаралар легі басталып кетті. Ал дәл желтоқсанның бірі күні – «Сарыарқа» велотрегінде 9000-нан астам көрермен «Бір ел, бір тағдыр, бір көшбасшы» атты думанды іс-шарасын тамашалайды. Бұл – мерекенің басты акциясы, барлық мәдени шаралардың көркемдік шешімі.
Көрілген: 1985 Пікірлер: 0