Думан

Гүлзада «Жұлдызды әуендердің» көркі болды

The Spirit of Tengri фестивалінің қаты­сушысы, қырғызстандық әнші Гүлзада Алматыда «Жұлдызды әуен­дер» аталатын концерттің арнайы қона­ғы болды. Бұл концерт – СТВ телеар­насының жаңа музыкалық жобасы.

Қырғыз фольклорын заманауи музыкалық ырғақтармен байланыстырушы Гүлзада алматы­лықтарды биыл жазда өткен The Spirit of Tengri гала-концертінің әсеріне қайта бөледі. «Жаз», «Құр­­манбек», «Мен қырғыздың қызы­мын», «Толғонуу» атты әндерін орындаған музыкантқа көрермендер ерекше қошемет көрсетті. Әншінің айтуынша, The Spirit of Tengri фестивалі оған ерекше рухани серпіліс сыйлады. Фестивальден кейін ол Бішкекте «Табиғаттың үні» атты медита­циялық перформанс өткізді. Мұнда қазіргі заман­ғы этникалық музыканың танымал өкілдері бас қосты, олардың өнері жергілікті жұртшылыққа тегіс ұнады. «Сөйтіп, The Spirit of Tengri-дің арқа­сында Қырғызстанда этникалық музыкаға қызы­ғушылық арта түсті», – дейді Гүлзада. Бұл жолы әнші тұңғыш рет Қазақстанның эстрадалық орын­даушыларымен бір концертте өнер көрсетті. Екі бөлімді кеште Бағдат Сәмединова, Ақбо­та Керім­бекова, Гүлбар­шын Тергеубекова, Өмірқұл Ай­ния­зов, Нұрлан Әлім­жан, Дана мен Әділ, «Дос­тар», «Денар», «Сарын», «Бастау» топтары және басқалар ән шырқады.

Гүлзада, қырғыз әншісі:

Әдетте, рок-музыканттардың, диджейлер­дің және, әрине, этникалық-архаикалық музыка өкілдерінің ортасында жүремін, қазақ эстрадасы сахнасына бірінші рет шықтым. Қазір «Толғонуу» аталатын әніме бейнебаян түсіріп жатырмын, ол заманауи тың идеялар­дан тұрады. Бұйырса, осы бейнебаян СТВ телеарнасынан көрсетілетін бола­ды. The Spirit of Tengri фестивалі маған өзгеше әсер қалдыр­ды. Қайсыбір замандарда жоғалтып алған дүниелермен қайта қауыштым, сонымен бірге бұл қазіргі заман адамына арналған фести­валь бола білді. Мұнда көзқарасы ортақ шы­ғар­ма­шыл адамдармен етене таныстым. Компо­зиция­ларымызбен алмастық, сахалық Юлияна мен таулышориялық Чылтыс менің бірқатар әндерімді орындайтын болды.




Көрілген: 1522    Пікірлер: 0

жұма, 25.10.2013, 11:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Желтоқсан 2013
    Жаңажылдық бата
    25 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    24 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    20 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    19 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    13 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    12 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    11 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    10 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    6 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    5 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    4 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    30 Қараша 2013
    Роза ӘЛҚОЖА
    29 Қараша 2013
    Анығы – осы
    28 Қараша 2013
    Анығы – осы
    27 Қараша 2013
    Анығы – осы
    26 Қараша 2013
    Сержанали ӘЛІБЕК
    26 Қараша 2013
    Анығы – осы
    21 Қараша 2013
    Анығы – осы
    20 Қараша 2013
    Анығы – осы
    19 Қараша 2013
    Анығы – осы
    16 Қараша 2013
    Анығы – осы
    15 Қараша 2013
    Анығы – осы
    14 Қараша 2013
    Анығы – осы
    13 Қараша 2013
    Анығы – осы
    12 Қараша 2013
    Анығы – осы
    8 Қараша 2013
    Анығы – осы
    7 Қараша 2013
    Анығы – осы
    6 Қараша 2013
    Анығы – осы
    5 Қараша 2013
    Анығы – осы
    2 Қараша 2013
    Анығы – осы
    1 Қараша 2013
    Анығы – осы
    31 Қазан 2013
    Анығы – осы
    30 Қазан 2013
    Анығы – осы
    29 Қазан 2013
    Анығы – осы
    24 Қазан 2013
    Анығы – осы
    23 Қазан 2013
    Анығы – осы
    22 Қазан 2013
    Анығы – осы
    19 Қазан 2013
    Анығы – осы
    18 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Сайнхо – Алматыда!
    11 Қазан 2013
    Анығы – осы
    10 Қазан 2013
    Анығы – осы
    9 Қазан 2013
    Анығы – осы
    8 Қазан 2013
    Анығы – осы
    5 Қазан 2013
    Анығы – осы
    4 Қазан 2013
    Анығы – осы
    3 Қазан 2013
    Анығы – осы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30