Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жоқ менiң жемқорлыққа жақындығым...

13 маусым 2011, 13:52

Жазбаша айтыс жалғасқан сайын ақындар жаңа қырынан танылып келедi. Сахнадағыдай емес, жазбаша сұрақ-жауап алмасып, төрт шумақтан ғана алма-кезек қайырып айтысу қай жұпқа да болмасын оңай соғып отырған жоқ сияқты. Дегенмен қазақ өлеңiнiң қыр-сырын әбден меңгерген сөз ұсталары бiр-бiрiне дес берер емес. Газеттiң бүгiнгi санында Серiкзаттың Айтақынға айтқанын жариялап отырмыз.

Келмейдi бұл сөзiңе намыс қазiр,
Серiкзат Семейiнен алыста жүр.
Айналып отбасы мен ошақ қасын,
Сiз құсап iздемеймiз таныс-тамыр.

Дәлелiм – ар мен қанда ақындығым,
Танылса Алты алашқа атым бүгiн.
Мәнсiз бақ, арсыз атақ қуатындай,
Жоқ менiң жемқорлыққа жақындығым.

Естiп қал өзiңе егер жақсы болса,
Салмақты сөз айтсаңшы шапшығанша.
Атыңның ақындығын не қылайын,
Затыңыз ақын емес, бақсы болса.

Айтеке, үзiлмейдi-ау бет моншағың,
Шал болып шатасуға жеткен шағың.
Балаңның болашағын түзеп жүрмiз,
Өйткенi оңдырмаспын өткен шағын.

Қадiрлi Алаш оқырмандары! Жазбаша айтысты жаңғыртуға арналған жаңа жобамызды қалт жiбермей, қадағалап отырыңыздар. Сiздердiң пiкiрлерiңiз ескерусiз қалмайды. Ақындарға қатысты талап-тiлектерiңiздi телефон қоңыраулары және хат арқылы бiлдiруге болады. Сөзiмiз түзу, еңсемiз биiк, рухымыз мықты болсын!
Телефон: 8(727) 388-80-64, электронды пошта: alash_ainasy@mail.ru
Редакция