Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында шығысқазақстандық композитор, ҚР Мәдениет қайраткері, педагог Мүбәрак Шәкірдің шығармашылық кеші өтеді. «Қазақстан, алға!» деп аталатын концерт ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналып отыр.
Кеште Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі өнер көрсетеді. Дирижері – белгілі музыкант Мүсілім Әмзе. Мерекелік кеште халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері, сопрано дауысты әнші Салтанат Жұбаныш та көрермендерге өз өнерін тарту етеді. Бағдарламада халық тарихынан сыр шертетін, Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің құдіретін паш ететін, бейбіт те азат елдің бүгінгі жарқын келбетін бейнелейтін шығармалар орындалады. Кеш ертең – желтоқсанның 14-і күні сағат 17.00-де өтеді.
Көрілген: 2447 Пікірлер: 0