Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қоғамның дертiн айтып, дауа iздеп...

01 маусым 2011, 15:36

Газет бетiндегi жазба айтысымыздың алғашқы жұбы – Балғынбек Имашев пен Айтбай Жұмағұловтың, екiншi жұбы – Айтақын Бұлғақов пен Серiкзат Дүйсенғазиннiң сөз тартысы өз мәресiне жетiп, жеңiмпаздар да анықталды. Оқырманның талап-тiлегiн ескере отырып, ақын Жүрсiн Ерман Балғынбек пен Айтақынның алға озғанын атап өттi. Ендiгi үшiншi жұп – Рүстем Қайыртайұлы мен Айбек Қалиев екi апта бойы басылым бетiндегi жазба айтыстың көрiгiн қыздырмақ. Бұл айтыстың әлқиссасын алматылық ақын Рүстем Қайыртайұлы бастайды.

Қоғамның дертiн айтып, дауа iздеп...
Қақса да, қақпаларын дағдарыс кеп,
Жатса да жанталасып жанбағыс деп.
Ассалаумағалайкүм алаш жұрты,
Бәрiнен биiк дейтiн ар-намыс тек.

Айбек – сан тасқамалды бұзған жiгiт,
Айтысып жүре алмаспыз бiз мәңгiлiк.
Кел, екеумiз ақ қардай ақ параққа,
Кетейiк келiстi бiр iз қалдырып.
Әу бастан әлдекiмге жақпайтын ең,

Қашанда қарашаңды жақтайтын ең.
Қоғамның дертiн айтып, дауа iздеп,
Тәуiптей аласұрдың таппайтын ем.
Ең соңғы рет шыққанда ел алдына,
«Датым бар» деп билiкке қатты айтып ең.

Қайдасыз содан берi, қымбатты ағам?
Не болмас бұл өмiрде бұлғақтаған.
Iнiңнiң қайран көңiлi алаңдаулы,
Ал, Айбек, тiрi болсаң, тiл қат маған!

Құрметтi қазақ айтысының жанкүйерлерi, газет бетiнде күнделiктi жарияланып тұратын жазбаша айтысты қалт жiбермей, қадағалап отырыңыздар!
Сiздердiң пiкiрлерiңiз ескерусiз қалмайды. Ақындарға қатысты талап-тiлектерiңiздi телефон қоңыраулары және хат арқылы бiлдiруге болады.
Сөзiмiз түзу, рухымыз мықты болсын!
Факс: 8(727) 388-80-61, тел.: 388-80-64, e-mail: alash_ainasy@mail.ru
Редакция