«Жас таланттар». Қазанның 31-і күні өтетін ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр солистерінің концерті осылай аталады.
Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясында болатын классикалық музыка кешінде П.И.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының студенттері өнер көрсетеді. Сәкен Берғалиев альте, Роман Ильясов скрипкада, Алексей Бобельнюк фортепианода ойнайды. Концертте Моцарт, Ференц Лист, Бела Барток, Макс Брух шығармалары орындалады. Бағдарламада 55 жылдық тарихы бар мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрге халықаралық байқаулардың лауреаты, «Болашақ» президенттік шәкіртақысының иегері Рахымжан Баспаев дирижерлік етеді. Айта кетейік, Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония өз көрерменіне тағы да біраз музыкалық кеш әзірлеп отыр. Айдың алғашқы жеті күнінде атақты дирижер Жалғасбек Бегендіковтің шығармашылық кеші, Жанар Сүлейманованың фортепиано кеші, «Гобойдың нәзік үні» атты концерт, балаларға арналған және басқа да бағдарламалар болады.
Көрілген: 1902 Пікірлер: 0