Алматыда студенттердің «Мен жастарға сенемін!» атты патриоттық фестивалі өтеді. Бұл – шығармашыл жастардың байқауы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырып отырған шара желтоқсанның 1-і – ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында қорытындыланады.
Республикалық фестивальдың мақсаты – студент жастардың ел болашағына деген азаматтық жауапкершілігін көтеру және патриоттық сезімін арттыру. Фестивальдың шеңберінде әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалардың, студенттік эсселердің және азаматтық-патриоттық бағыттағы поэзия байқауы өткізіледі. Эсселер байқауы «Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» деп аталады. Барлық байқауға бүгіннен бастап өтініш беруге болады. Тапсырыстарды Қазақ ұлттық университетінің ғимаратына және осы фестиваль үшін арнайы ашылған menzhastargasenemin@gmail.com поштасына «Мен жастарға сенемін!» байқауына» белгісімен жолдауға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 377 3315; 87756121545; 87023563113. Фестиваль жүлдегерлері мен лауреаттары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқаудың үздік материалдары студенттік жұмыстар жинағында жарияланады. Сонымен бірге жеңімпаздардың туындылары 29 қараша күні Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтетін фестивальдың қорытынды гала-форумында таныстырылады.
Көрілген: 1905 Пікірлер: 0