Нарық

1 ақпаннан бастап ақша айырбастау пунктері әр адамның жеке мәліметін тіркейді

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережелерінің өзгеруіне қатысты түсініктеме берді. Енді ақша айырбастау пунктері әр операцияны журналға тіркеп отырады. Яғни ақпаннан бастап ақша айырбастаған адамның аты-жөні мен жеке куәлігінің нөмірі жазылады.

Мұндай бастаманы Ұлттық банк көтеріп отыр. Әр айырбастау операциясынан кейін қызметкерлер журналға адамның жеке куәлігіндегі мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты), берілген күнін, құжаттың нөмірін, жарамдылық мерзімін жазып алады. Сонымен қатар, жаңа талап бойынша айырбастайтын ақшаның көлемі 500 мың теңгеден аспауы керек болады.

Қолма-қол ақшаны басқару департаментінің директоры Жомарт Қажымұратовтың айтуынша, деректер жеңілдетілген түрде жазылатын болады. Егер операциялардың сомасы 500 мың теңгеден аз болса, онда клиент тек жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

Бұл әлемнің көптеген елінде қолданылатын халықаралық тәжірибе, - деп түсіндірді Қажымұратов.

Сонымен қатар, мен бұл процесті автоматтандыруға болатындығына назар аударғым келеді. Қазір нарықта азаматтың электрондық жеке куәлігінің чипінен ақпаратты оқуға арналған құралдар бар. Бұл әр кәсіпкердің қалауы бойынша іске асады. Мұндай жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың құны 10-16 мың теңге аралығында болады. 500 мың теңгеден астам сомаға ақша айырбастау кезінде ештеңе өзгермейді. Бұрын қолданыста болған (өзгерту енгізілгенге дейін) деректерді тіркеу тәртібі қолданыла береді, - деп хабарлады тиісті департамент директоры.

Айырбастау пунктері (соның ішінде автоматтандырылған айырбастау пунктері) арқылы жүргізілетін айырбастау операциялары үшін, айырбастау операциясының бағамы бойынша 500 000 (бес жүз мың) теңге баламасынан асатын сома тізілім журналында тіркеледі:

- журналға адамның жеке куәлігіндегі мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты), берілген күнін, құжаттың нөмірін, жарамдылық мерзімін жазып алады;
- клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
- клиенттің заңды мекенжайы.

Жалпы, біз қоғаммен, бизнес қауымдастықпен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірнеше раундтық пікірсайыстар өткіздік. Біз барлық оң және жағымсыз, теріс пікірлерді тыңдап, алынған барлық дәлелдерді ескердік. Жұмыс нәтижесінде ұсыныстар мен ескертулердің көпшілігі ескерілді, - деп атап өтті Жомарт Қажымұратов.

Вaq.kz 




Көрілген: 237    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.01.2020, 18:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31