Нарық

1 қазанға дейін салық қарызын төлеуі тиіс деген ақпарат – жалған

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

«Қазақстандықтар 1 қазанға дейін салық қарызын төлеуі тиіс» деген ақпарат – жалған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды.

 

«Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар борышын 1 қазанға дейін өтемеген жағдайда 8 АЕК (20000 теңге шамасында) көлеміндегі айыппұл есептелетіні туралы хабарлама таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлаймыз», деді ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Абдилов.

 

Ресми өкілдің айтуынша, жеке тұлғалар бюджетке жер және мүлік салықтарын өткен жыл үшін ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін төлеуі тиіс. Көлік салығы ағымдағы жыл үшін 31 желтоқсанға дейін өтеледі.

 

«Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі», - деді Ә.Абдилов.

 

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық үрдісі жүруде. Оның ережелеріне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.

 




Көрілген: 259    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 13:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30