Нарық

1 шілдеден бастап пойыз билеттері жаңа автоматтандырылған жүйе арқылы сатылады

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Ұлттық тасымалдаушы электрондық билет сатудың жетілдірілген жүйесін енгізеді, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы.


2019 жылдың 29 наурызында «ҚТЖ» ҰК» АҚ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі арасында теміржол тасымалы саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жол картасына үшжақты қол қойылған болатын.


Осы құжаттың негізінде пойыз билеттерін алып-сатарларға қарсы бағытталған маңызды шешім қабылданды.


«Атамекен» ҰКП, ҚР Көлік прокуратурасы, МҚІСҚ Агенттігі және ҚР ИИДМ-мен бірге өткен басқосуда «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы мамандары жеке билет сататын касса өкілдеріне электрондық билет сатудың жетілдірілген жүйесін таныстырды.


2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Компанияға қарасты барша бағыттарға электрондық жол жүру билеттері жаңа автоматтындырылған және заман талабына сай жетілдірілген жүйе арқылы сатылатын болады.


Бұл жүйе жолаушылардың қайтарған билеттерін белгіленген уақыт аралығында ғана сатылымға шығарады. Яғни, алып-сатарларға жемқорлықпен айналусыға бөгет болады.


«Жаңа жүйенің енуі билет құнына әсер етпейтінін ескертеміз. Ұлттық тасымалдаушы алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмысын жалғастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресін күшейтетінін жеткізеді. Егер де билетсіз отырған жолаушы не болмаса заңсыз рәсімделген жүк тасымалына тап болсаңыз - фотобейне түсіріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Бас директорының блогына (http://www.temirzholy.kz/blog-predsedatelya-pravleniya/) жазып жіберулеріңізді сұраймыз!», - делінген компанияның хабарламасында.  


BAQ.KZ




Көрілген: 922    Пікірлер: 0

жұма, 31.05.2019, 11:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31