Нарық

"1 теңге қарыз үшін шотты бұғаттайды": Қазақстандықтар салық органдарына наразылықтарын білдірді

  • "1 теңге қарыз үшін шотты бұғаттайды": Қазақстандықтар салық органдарына наразылықтарын білдірді

Қазақстан азаматтары салық органдары мен сот орындаушыларына наразы. Себебі құзырлы мекемелер азаматтардың жеке шоттарын болмашы қарыздар үшін автоматты түрде ескертусіз бұғаттап тастайтын көрінеді. Ал мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары кәсіпкердің тіпті 1 теңге қарызы болса да шотты жауып тастауға толық құқылы екенін айтады, деп хабарлайды 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасы.

Жас кәсіпкер Айнұр Азаматқызы кірістер комитетіне жылына екі рет жарты жылдық салығын төлеп отырады. Айтуынша, осы жолғы тамызда мемлекет алдындағы барлық берешегін жапқан. Бірақ қалған 138 теңге төленбей қалғандықтан, салық органдары барлық шоттарын бұғаттап тастапты. 

 
“Осы жолғы тамыз айындағы есебімде 130 теңгем жетпей қалған екен. Бірақ ол уведомление маған түнгі сағат 12де келіп тұр. Ал таңертең қарасам менің барлық шоттарымды бұғаттап тастапты. Енді маған осы 130 теңгеге бола шотты бұғаттамай-ақ ескертсе болар еді ғой”, – дейді Айнұр. 

Ал белгілі актер Артур Төлепов мемлекет алдындағы айыппұлын жапқанымен, сот орындаушылары екі жыл бойы жеке шоттарын бұғаттан шешпей қойған екен.

“Жарайды сіздің шотыңызды жауып тастады, бірақ оның ішінде ақша бар ғой. Каспиін, басқа банк шоттарын жауып тастайды. Осы ретте көптеген сұрақтар туады. Ол ақша карточкасында бола тұра оны қалай шешеді?”, – дейді актер. 

Сот орындаушылар бұл жағдайда терминалдар мен өзге адамның каспиголды арқылы төлеуге болатынын айтады. Ол жерге өзіңіздің тек ЖСН нөміріңізді терсеңіз, қарызыңыздың сомасы бірден шығады. 

Нұр-Сұлтан қаласы жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Айбын Өтегенов егерде Каспи терминалдар арқылы төленететін болса, борышкерге қойылған бұғаттар автоматты түрде шешілетінін айтады. 

“Ол туралы борышкерлер жеке сот орындаушыларға хабарлауға міндетті. Салық органдары Айнұр сияқты кәсіпкерлерді үш санатқа бөліп тастаған. Мысалға тәуекелділігі жоғары санаттағы кәсіпкерлерге төлемді тек бір күнге кешіктірсе, ертеңге күні шоттарын бұғатталады. Одан кейін орташа тәуекелдегі кәсіпкерлерге алдын ала 10 күн бұрын ескерту жасалынады. Ал ең төменгі санаттағы кәсіпкерлерге хабарлама да келмейді. Олар 30 күн ішінде қарыздарын төлемесе барлық шоттарын толық жабылады. Ал егерде ескертуге қарамастан, кәсіпкерлер мүлдем төлемесе, мемлекет автоматты түрде шоттағы қаржыдан берешек соманы алуға құқылы”, – дейді ол. 

“Егер салық берешегі болса онда 6 АЕКтен төмен болса, онда бұғатталу жасалмайды. Егер әлеуметтік төлемдерге келсек, ол жаңағы зейнетақы, әлеуметтік қорға төленетін төлем, медициналық төлемдер. Бұл төлемдерде 1 теңге болса да бұғаттау жасалана береді”, – дейді Қарағанды облысы мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Алданыш Адамбеков. 

Елде 60 551 жеке кәсіпкердің 13 837,0 млн теңге салық берешегі бар. Ал әлеуметтік төлем бойынша, 148 501 жеке кәсіпкер 1 817, 5 млн теңге қарыз.




Көрілген: 563    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.09.2021, 12:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31