Нарық

100 пайыз отандық көлік шығаруға қанша уақыт қажет

  • http://today.kz

    http://today.kz

100 пайыз отандық көлік шығару үшін 10-15 жыл уақыт керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Біз өзіміздің автомобильді бастан-аяқ жасап шығаруымыз үшін 10-15 жыл қажет деп есептейміз. Сондықтан технологиялар трансфертін жүзеге асырып, оларды сатып алу арқылы қалғанын өзімізде шығару табысқа жетудің ең қысқа жолы. Бұған қоса, қазақстандық көліктердің қолжетімді болуы үшін екінші деңгейлі банктер арқылы мемлекет қаражаты бөлініп жатыр. Бірақ, оған үлкен кезек қалыптасқан. Өткен, оның алдындағы жылдары бөлінген қаражаттар жылдық 4 пайызпен автонесиеге берілді. Өткен жылды 2017 жылмен салыстырғанда автомобиль өндірісі 3 есеге жуық артты», - деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, 100 пайыз отандық көлік шығаруға ұзақ жылдар уақыт жұмсаған елдер бар. Мәселен, Оңтүстік Корея оған 60 жыл кетірді. Ал бізде 2010 жылға дейін автомобиль, электровоз, тепловоз өндірісі болған емес.


Сонымен қатар, ол көлікке қажетті бөлшектердің 50 пайызын шығаратын өндіріс ошақтары ел ішінде болғанда да Қазақстанның автомобильдері сыртқы нарықта өтімді болатындығын айтты.


Бұл бағытта да нақты жұмыс бар. Қазіргі уақытта елімізде көліктің аккумуляторы, дискісі шығарылып, көлік шанағын дәнекерлеу, сырлау, және құрастыру жұмыстары жүргізіледі.


 




Көрілген: 644    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.09.2019, 17:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30