12 мамырға арналған доллар бағамы

11 мамыр 2022, 18:21

Ұлттық банк доллардың 12 мамырдағы ресми бағамын белгіледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бейсенбіде доллар бағамы 442,61 теңгеге тең болады. Айта кетейік, америкалық валютаның 7-11 мамырдағы ресми бағамы - 434,47 теңге.

 

Рубльдің 12 мамырдағы ресми бағамы 6,74 теңге болады.

 

 

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 441,19 теңге, сату - 445,14 теңге.

 

Нұр-Сұлтанда америкалық валюта орта есеппен 440,90 теңгеден сатып алынып, 443,93 теңгеден сатылып жатыр.