Нарық

120 мың теңге: министрлік әр балаға тиесілі ақшаны атады

  • 120 мың теңге: министрлік әр балаға тиесілі ақшаны атады

    120 мың теңге: министрлік әр балаға тиесілі ақшаны атады

Көмекке мұқтаж отбасының мектепке баратын әрбір баласына берілуі тиіс үкіметтің ақшасын нұр-сұлтандық аналар қолымызға санап берсін деп талап қойып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo бағдарламасына сілтеме жасап.


«Одан да баламызбен базарға бірге барып, мектепке қажетті киім-кешек пен кеңсе тауарларын өзіміз таңдайық» дейді. Сөздерінше, әр балаға бөлінетін 120 мың теңгенің тек бір бөлігі жұмсалады. Ал әкімдіктегілер санап берген ақшаны ата-аналардың өздері мақсатсыз жұмсап қояды дегенді алға тартады.


Әр балаға бөлінуі тиіс қордағы ақша мәселесі министр Сапарбаевтың аналармен кездесуі кезінде де көтерілді. Ондағы кейбір аналар, тіпті, мұндай көмектің бар екенін де білмеген. Жеке кабинетке жиналып, білім басқармасындағыларды сұрақтың астына алды.


«Әр балаға 47 АЕК. Ол есептеген кезде шамамен 120 мың теңгедей болады», - деді қызметкер.


Енді аналар бөлінген қаражатты қолымызға санап берсін деп отыр. Қажет болса, есеп беріп отыруға дайын. Өйткені мектептің өзі сатып алып беретін киім-кешегі мен кеңсе тауарларына күмәнмен қарайды.


«Тендер ұтып алып, өздері пайда көргісі келеді. Мысалы, менде 8-сынып оқитын қызым бар. Ол кигісі келмейді. «Үнемі бірдей киіп жүреміз. Бізді сондай киімдерімізге қарап бөліп-жарады» деп айтады», - дейді көпбалалы аналардың бірі.


Ал білім басқармасындағылар ата-аналардың өзіне кінә тағып отыр. Бөліп берген ақшаны шашып жібереді деген пікірде.  




Көрілген: 2243    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.08.2019, 14:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31