Нарық

"15 қаңтардан бастап несие рақымшылығы болады": Агенттік ақпаратқа түсініктеме берді

  • © baq.kz

    © baq.kz

3 қаңтарда Youtube желісінде "жаңа" несие рақымшылығы туралы видео тарады. Онда 5 миллион қазақстандықтың кепілсіз тұтынушылық қарыздары, төлемдердің мерзімін кешіктіргені үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар шығынға жазылатыны айтылған. Роликте 2019 жылы Қазақстанда өткен несиелік рақымшылық туралы кейбір деректер пайдаланылғаны деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Stopfake.kz мәліметінше, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ресми түрде роликтегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаған.

 

"Видеоның 2021 жылғы қаңтарда жарияланғанына қарамастан, онда ұсынылған ақпарат Қазақстанда 2019 жылы өткізілген рақымшылық туралы. Сонымен қатар, Қазақстан президенті бұл акцияның бір реттік екенін және кейіннен өткізілмейтінін атап өтті. Осылайша, бейнероликтегі Қазақстанда жоспарланған кредиттік рақымшылық туралы деректер шындыққа жанаспайды", &ndash делінген хабарламада.

 

 

Ведомство 2019 жылы өмірлік қиын жағдайға тап болған қарыз алушыларға мемлекет басшысының тапсырмасымен кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша 300 мың теңгеге дейінгі берешекті өтеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетілгенін еске түсірді.

 

Оған сәйкес, 578 мың азаматтың 120 миллиард теңгелік кредит бойынша берешегі есептен шығарылған. Азаматтардың 52 пайыз берешегі толық көлемде өтеліпті.

 

Одан бөлек, барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша 33,6 млрд теңгеге 1,2 млн азаматтың айыппұлдары кешірілді.

 

 

 

 




Көрілген: 3858    Пікірлер: 0

сенбі, 09.01.2021, 10:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31