18-19 маусымға белгіленген валюта бағамы

17 маусым 2022, 19:04

Қазақстан қор биржасында (KASE) 17:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,59 теңгеге қымбаттап, 446,91 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,90 теңгеге (+0,12) дейін көтерілді. Сауда көлемі 5,4 миллион рубль болды.

 

Еуроның орташа сараланған бағамы 470,53 теңгеге (+7,86) көтерілді.

 

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 66,72 теңге (+1,06) болды.

 

Ақша айырбастау орындарында;

* доллар 447-452 теңге,

* еуро 468-474 теңге,

* рубль – 7,1-7,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.