Нарық

"2 пайыздық несиелер ұсынылады": Жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай

  • "2 пайыздық несиелер ұсынылады": Жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Нұрлы жер" бағдарламасының жаңа нұсқасына қатысты мәліметтерді жариялады. Онда баспананы "баспалдақ жүйемен ұсыну" тетігі болады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


 

 

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың сөзінше, жаңа бағдарламада баспананы барлығына бірдей қолжетімді етудің "баспалдағы" болады.


Осы жүйе бойынша пәтерге зәру әрбір отбасыға табысына қарай үйлі болудың жолдары ұсынылады. Мәселен, "баспалдақтың" ең төменгі сатысында әкімдік кезегіне кіретін әлеуметтік осал топтар тұр.


"Біріншіден, табысы жоқ немесе табыс көлемі 1 күнкөріс деңгейінен, яғни 29 700 теңгеден төмен әкімдік кезегіне кіретін әлеуметтік әлжуаз топтарға сатып алу құқығынсыз арендалық баспана беріледі. Олардың ішінде жетім балалар, I және II топ мүгедектері, зейнеткерлер және тағы басқалар бар", – деді Жайымбетов.

Ал әкімдік кезегінде тұрған адамның табысы отбасының бір мүшесіне 2 күнкөріс деңгейіне, яғни 59 400 теңгеге дейін болса, оған "Бақытты отбасы" бағдарламасының 2 пайыздық несиелері ұсынылады.


Осы топқа көпбалалы, толық емес және мүгедек балаларды асырап отырған жанұялар кіреді.


"Үшіншіден, кезекте тұрған отбасының бір мүшесі 3,1 күнкөріс деңгейінен, яғни 92 000 теңгеден жоғары табыс тапса, ондай адам әкімдіктердің "5-20-25" бағдарламасына, сондай-ақ, "7-20-25", "Баспана-хит", "Орда", "Свой дом" және тағы басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алады.
Осының бәрі 2025 жылға дейінгі жаңа "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдармасында көрсетіледі", – деп атап өтті Жайымбетов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

 





Көрілген: 1684    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.11.2019, 20:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30