Нарық

2013 жылы шыққан 1000 теңгелікті қабылдамайтын кәсіпкерлерге айыппұл салынады

  • ҚР Ұлттық банкі

    ҚР Ұлттық банкі

Түркі жазуындағы "Күлтегін" ескерткішіне арналған 2013 жылғы 1000 теңгелік банкнот - заңды төлем құралы. Ол барлық төлем түрлерінде қабылдануы керек. Банкноталар тек әбден тозған жағдайда айналымнан алынады, деп хабарлайды kaz.zakon.kz ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Егер кәсіпкерлер мұндай ақшаны қабылдаудан бас тартса, онда оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес, ескерту жасалады. Егер жағдай бір жыл ішінде тағы қайталанса, онда 5-тен 25 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынады, делінген хабарламада.

Егер бұл ақшаны қабылдаудан бас тартқан біреулер болса, онда Ұлттық банктің өңірлік филиалына хабарласу қажет. Олар қажетті шараларды қолданады.

- Ақшаны алмаған жағдайда мұны видеоға түсіріп, не болмаса Сізден бұл ақшаны қабылдай алмайтынын жазбаша жазып беруін талап етіңіз, - дейді Ұлттық банктегілер.

2020 жылғы есеп бойынша, 1 АЕК - 2 651 теңге.

 




Көрілген: 226    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 18:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29