Нарық

2019 жылы қанша шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді?

  • © unsplash.com

    © unsplash.com

2019 жылы 20 557 шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат етілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Министрліктің мәліметінше, оның ішінде бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары) 816, екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) 4 595 рұқсат шығарылды.


"Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың көп бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмыскерлер) санаттарына берілді - 9 656 адам және 1 769 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға - 2 156, корпоратив ауысым аясында жұмыс істеуге 1 565 адам тартылған. Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 2 210 жұмыс беруші бар. Оларда Қазақстанның 518,8 мыңға жуық азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызы", - делінген ведомство хабарламасында.


Министрліктегілердің мәліметінше, еңбекші мигранттардың негізгі шыққан елдері Қытай - 4 397 адам, Өзбекстан - 2 254 адам, Үндістан - 1 819, Түркия - 1 845, Ұлыбритания - 1 420 адам.


 




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 22:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31