Нарық

2020 жылдан бастап адам басына тауар әкелу шектеуі жойылады

  • © logist.today

    © logist.today

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін, сондай-ақ тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің нормалары 200 еуроны және 31 килограмды құрайтын болатындығын еске саламыз, деп хабарлайды kaz.zakon.kz ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта (2019 жылдың 31 желтоқсанға дейін) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың нормалары бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде 500 еуро және салмағы 31 кг құрайды.

Белгіленген нормалар асқан жағдайда, құндық және/немесе салмақ нормаларынан асқан бөлігінде құнынан 15 пайыздық, салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 2 еуро ставкасы бойынша кедендік төлемдерді төлеу керек.

Анықтама ретінде: қазіргі уақытта (2019 жылдың 31 желтоқсанға дейін) кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелері құн және (немесе) салмақтық нормадан асып түсу бөлігінде құнының 30 пайызы, бірақ 1 кг салмақ үшін 4 еуродан кем еместі құрайды.

Мысалы, бағасы 300 еуро болатын интернет-дүкендерден тапсырыс берілген жіберілім, жолаушыларға арналған кедендік декларациясын тапсыру жолымен, сондай-ақ құндық нормасынан асатын бөлігінде кедендік төлемдер құнының 15%-дық мөлшері бойынша кедендік декларациялауға жатқызылады (яғни 100 еуродан 15%-дық) немесе жіберілімінің құны 200 еуродан аспаса, бірақ оның салмағы 35 кг болса (яғни салмақ нормасынан 4 кг асып тұрса), онда 4 кг кедендік баждармен салынады.

 




Көрілген: 988    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.12.2019, 17:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31