Нарық

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 334 ауылда бюджеттің 4 деңгейі енгізіледі

  • http://pvl.kgd.gov.kz

    http://pvl.kgd.gov.kz

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған 1 334 ауылда бюджеттің 4 деңгейін енгізу жоспарланған. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізіп жатқан Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Еліміздегі өңірлік саясат халықтың тұрып жатқан жеріне қарамастан бәсекеге қабілеттілігі мен тұрмыс сапасын артыруға бағытталған. Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 2020 жылға дейін іске асырудың қорытындысы бойынша урбанизация деңгейі 58 пайызға жетті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға артық. 2018 жылы қалаларда орталық сумен жабдықтау 94,5, ауылдарда орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу шамамен 60 пайызға ұлғайды», - деді ол.


Министрдің дерегінше, «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 4 мыңнан астам маманға тұрғын үй алу үшін 13,7 млрд теңгеге бюджеттік кредит берілді.


«2018 жылдан бастап 1062 аудандық маңызы бар қала мен халық саны 2 мыңнан асатын ауылдық округте жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілді. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған 1 334 ауылда бюджеттің 4 деңгейін енгізу жоспарлануда», - деді Руслан Дәленов.


Министрліктің мәліметтеріне қарағанда, ЖӨБ бюджетінің басты ерекшелігі - жергілікті мәселелерді шешуге 7,6 млн. азаматтың қатысуы. ЖӨБ органдарының тұрақты дамуы мен дербестігін қамтамасыз ету үшін қосымша салық және басқа да түсімдерді беру арқылы ЖӨБ-тің табыс көзін арттыру, әкімдер мен олардың әкімшілік қызметкерлерін оқыту жұмыстары жүргізіледі.


 




Көрілген: 620    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.06.2019, 12:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31