Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

2023 жылы пәтер қымбаттай ма? "Отбасы банк" басшысы жауап берді

27 желтоқсан 2022, 17:21

"Отбасы банк" АҚ төрайымы Ләззат Ибрагимова 2023 жылғы тұрғын үй нарығына қатысты болжамдарымен бөлісті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Менің ойымша, екі тенденцияға куә боламыз. Алғаш рет ескі және жаңа жылжымайтын мұлік нарығы 2023 жылы бөлініп, олардың әрқайсысының өзіндік үрдісі қалыптасады, — дейді Ләзат Ибрагимова.

 

Яғни оның айтуынша, әлемде жаңа мүлік ескі жылжымайтын мүлікке қарағанда әлдеқайда қымбат. Тек біздің елде ғана олардың бағасы ұқсас.

 

Орналасқан жеріне байланысты 1963 жылы салынған үйдің құны 2021 жылы салынған үймен бірдей болуы мүмкін. Алайда бұған құрылыс материалдары, технологиялар, архитектуралық тәсіл жағынан да экономикалық және қаржылық алғышарттар жоқ, — дейді "Отбасы банк" төрайымы.

 

Ол осы ретте елімізде 2023 жылы алғаш рет қос нарықтың бағалары алшақтайды. Ескі жылжымайтын мүлік нарығында бағаның өсуіне объективті себептері жоқ деп отыр.