Нарық

"225 млн теңге сұрап отыр": "Алтын-Ордадағы" құрылыс неге созылып кетті

  • фото: tengrinews.kz

    фото: tengrinews.kz

Алматыдағы "Алтын-Орда" базарының жанындағы жол айрығы құрылысының неліктен үш жылға созылып кеткенін "ҚазАвтоЖол" басшысы Ұлан Әліпов түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ InAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

2017 жылы басталған көлік торабының құрылысы әлі күнге дейін жалғасуда. Жұмыстың созылып кетуіне алғашқы себеп қос жанармай бекетінің иесімен дауласу болып отыр.

Алтын-Ордадағы көлік торабы құрылысы орнында екі жекеменшік жанармай бекеті бар. Иесі нысандардың сүрілуіне берілген 110 млн теңге сомамен келісер емес. Ол 225 млн теңге өтеуді сұрап отыр.

"Осы мәселе бойынша үш рет сот ісі өтті. Сот процестері уақытша тоқтатылды, аталған автожанармай бекетінің нарықтағы құнын бағалайтын сараптамалық комиссия құрылды. "Апорт" сауда орталығы мен "Алтын-Орда" базары құрылыс нысанына кірмейді", - деп түсіндірді Ұлан Тоқтарбайұлы.

Нысанның уақытында берілмеуінің екінші себебі мердігердің қаржылық қиындықтарымен байланысты. Мәселе жобаның 2016 жылғы бағалармен даярлануы болып отыр. Ал бұл жылы құрылыс материалдары айтарлықтай қымбаттап кетті.

"Құрылыс барысында жергілікті тұрғындар мен әкімдік талабы бойынша жобаға қосымша қаражат пен уақыт қажет ететін өзгерістер енгізілді", - дейді "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ басқарма төрағасы.
Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығы құрылыс жұмыстарын істеуге мүмкіндік бермей отыр. Мердігермен 6,2 млрд теңге игерілген. Жұмыстар 68 пайызға орындалған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мердігерлерден "Алтын Орда" базарының маңындағы жол айырығына қатысты құрылысты аяқтауды талап еткенін хабарлаған едік.

Әкімнің сөзінше, бұл бағытта көлік жүргізген кезде адамдар қиналады.

 




Көрілген: 628    Пікірлер: 0

жұма, 17.01.2020, 10:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29