Нарық

250 млн доллар: Әзербайжан банкіндегі зейнетақы қаржысының тағдыры не болды?

  • © Sputnik / Ксения Воронина

    © Sputnik / Ксения Воронина

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" компаниясының атқарушы директоры Мәулен Өтеғұлов Әзербайжан банкіне жасалған инвестиция туралы айтты.


"Әзербайжанның халықаралық банкінен алынған облигацияларға қатысты сауал жиі түседі. Салымшылар Әзербайжанның банкіне берілген қаражат елге қайтарылмады дегенді айтады. Алайда бұл шындыққа жанаспайды ", - деп жазды Өтеғұлов өзінің Facebook-тегі парақшасында.


Ол оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді.


2014 жылдың қазан айында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" зейнетақы активтері есебінен Әзербайжанның халықаралық банкінен құнды қағаз сатып алынды. Жалпы сомасы – 250 миллион доллар. 2017 жылдың мамыр айында бұл банктің банкрот болғаны белгілі болды. Тиісті өтініш Нью-Йорк сотына жіберілген. Кейін банктің қайта құрылды.


Бұдан соң банктің бұл облигациялары Әзербайжанның мемлекеттік бағалы қағаздарына айырбасталды.


"Бұл Әзербайжан халықаралық банкінің БЖЗҚ алдындағы міндеттемелерін Әзербайжанның үкіметі өзіне алды деген сөз", - деп жазады Өтеғұлов.


2019 жылдың ақпан-сәуір айларында Әзербайжан үкіметінің барлық қалған облигациясы сатылды.


Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, облигацияларды Әзербайжан банкінен алғаннан бастап Әзербайжан үкіметі сатқанға дейін таза ішкі табыс мөлшерлемесі 4% (валютада) болған.


"Бұл мөлшерлеме қазақстандық банктердегі долларлық депозит (жылдық мөлшерлеме 1 %) түсімінен төрт есеге көп. Демек бұл банкке қатысты оқиға қазақстандық салымшылар үшін жақсы аяқталды деп айтуға болады", - деді Өтеғұлов.


Еске сала кетсек, 2018 жылы жазда зейнетақы қорында үлкен дау-дамай шықты. Салымшылардың 71,6 миллиард теңгесі Әзербайжанның банкрот болған халықаралық банкіне инвестицияланғаны мәлім болды. Бұл оқиғадан кейін қордағы миллиардтаған қаржының сақталуына қоғам алаңдаушылық білдірді. Ал кейбір экономистер мұндай ақылға қонымсыз


sputnik


шешімге таңданысын жасырмады.


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 




Көрілген: 546    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.10.2019, 19:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30