27 сәуірге арналған доллар бағамы

26 сәуір 2022, 21:57

Ұлттық банк доллардың 27 сәуірге арналған теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні доллар бағамы 453,53 теңгеге тең болады. Айта кетейік, америкалық валютаның 26 ​​сәуірдегі ресми бағамы 448,26 теңге.

 

27 сәуірде рубльдің ресми бағамы 6,13 теңге болады.

 

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 451,86 теңге, сату - 455,21 теңге.

 

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 451,88 теңгеден сатып алынып, 455,12 теңгеден сатылып жатыр.