31 наурызға арналған доллар бағамы

30 наурыз 2022, 17:30

Ұлттық банк 31 наурыздағы доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бейсенбіде доллар бағамы 458,20 теңгеге тең болады. Айта кетейік, америкалық валютаның 30 наурыздағы ресми бағамы - 471,30 теңге.

 

31 наурыздағы рубль бағамы - 5,49 теңге.

 

 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 455,51 теңге, ал сатылым - 461,12 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 456,31 теңгеден сатып алады, 462,17 теңгеден сатады.