Нарық

42 500 теңгеге қайта өтініш беретіндер қандай шартты орындайтыны белгілі болды

  • Фото: Аскар Ахметуллин

    Фото: Аскар Ахметуллин

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов 42 500 теңге ала алмаған азаматтардың өтінішін қайта қарау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды sputniknews.kz тілшісі.

 

"Бұған дейін кері қайтарылған өтініштер ғана қайта қаралады. Ол үшін аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы аудандық штабқа өтініш беру керек. Ал жалдамалы жұмысшылар болса, онда өтінішті олардың жұмыс берушісі тапсыруы қажет", - деді Сарбасов бүгінгі онлайн брифингте.

 

Оның айтуынша, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен жұмыс істейтін азаматтар өтінішті өздері бере алады.

 

"Сосын кері қайтарылған өтініштерді қайта қараудың тағы бір шарты бар. Табысынан айырылғаны туралы құжаттарды көрсету керек. Мәселен, жалдамалы жұмысшылар ақысыз демалысқа шыққанын дәлелдейтін бұйрықты ұсынуы шарт. Ал жеке кәсіпкерлер банк анықтамасын, я болмаса, қаржылай бір есепті беруі керек. Бірақ ол құжатта адамның табысынан айырылғаны анық көрсетілуі қажет", - деп түсіндірді Сарбасов.

 

Вице-министр барлық құжат жиналғаннан кейін жұмыспен қамту бөлімі оны аудандық штабтың қарауына шығаратынын атап өтті. Ал штаб 42 500 теңге беру, я болмаса, бермеу туралы шешім шығарады. Оң шешім шығарылса, өтініш халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалына жолданады.

 

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалы барлық талапты ескере отырып, төлемді беруге немесе бермеуге құқылы. Ал өтініш берген адам аудандық штаб, я болмаса, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалы шығарған шешіммен келіспесе, облыстық штабтан өтінішті қайта қарауды талап ете алады. Облыстық штаб оң шешім шығарса, өтініш әлеуметтік төлемді тағайындауға жіберіледі", - дейді Сарбасов.

 

 




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 15:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31