Нарық

«42500 теңге ала алмағандар 1 желтоқсанға дейін тағы өтініш бере алады» - министрлік

  • «42500 теңге ала алмағандар 1 желтоқсанға дейін тағы өтініш бере алады» - министрлік

    «42500 теңге ала алмағандар 1 желтоқсанға дейін тағы өтініш бере алады» - министрлік

Ол үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен бірге тиісті өтініш беруіңіз керек.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты 42500 теңгені алуға құқы жоқ деп танылған тұрғындардың өтінішін 1 желтоқсанға дейін қайта қарайтындарын мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz порталы.

Ресми сайтта жарияланған ақпаратқа сәйкес, қайта қарауға өтініштер 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады. Бұдан бұрын «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындау туралы өтінішіңізге бас тарту туралы шешім қабылданған болса, өтінішіңізді қайта қарау мүкіндігі берілуде. Ол үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен бірге тиісті өтініш беруіңіз керек.

Шағын және орта бизнес, ірі кәсіпкерлік қызметкерлері, коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін өтінішті жұмыс беруші тарап бере алады. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (оны тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін берілетінін ескерген жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар болса, өздеріне қатысты әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту (оны тоқтату) туралы шешім қабылданған жағдайда, шешімді қайта қарауға өз бетінше өтініш бере алады.

Белгілі болғандай, еліміздің 2,4 млн-ға жуық тұрғыны карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алған. Оның ішінде 2 млн 384,9 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алып үлгерді.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде коронавирус жұқтырған екі жүзге жуық адамның жағдайы нашар екенін хабарлаған болатынбыз. Одан бөлек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 42 500 теңге әлеуметтік төлеміне қатысты пікір білдірген еді.  




Көрілген: 696    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.09.2020, 23:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31