Нарық

42500 теңге: Қайта қарауға өтініштер желтоқсанға дейін қабылданады

  • 42500 теңге: Қайта қарауға өтініштер желтоқсанға дейін қабылданады

    42500 теңге: Қайта қарауға өтініштер желтоқсанға дейін қабылданады

42 500 теңге төлеуден бас тарту туралы шешімді қайта қарау үшін өтініштер бірінші желтоқсанға дейін қабылданады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
42 500 теңге көлеміндегі бір реттік төлемге өтініштер 1 қыркүйекке дейін қабылданды.

"Бұдан бұрын бас тарту туралы шешім қабылданған 42 500 теңге әлеуметтік төлемін тағайындау өтініштерін қайта қарау үшін, аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен бірге тиісті өтініш беру керек.
Өтініш беріледі:

Жұмыс беруші тарапынан – ШОБ, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (оны тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін беріледі.

Өз бетінше – өздеріне қатысты әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту (оны тоқтату) туралы шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар.

Қайта қарауға өтініштер 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады", - деп хабарлады министрліктен.

Еңбек министрлігінде атап өткендей, 1 қыркүйектегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша азаматтардан 42 500 теңге біржолғы төлем тағайындауға 2 миллион 607 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды.

"Төлемді 2 млн 391,4 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 384,9 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда", - делінген хабарламада. 




Көрілген: 236    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.09.2020, 19:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31