446 миллиард теңге зейнетақы жинағы БЖЗҚ-ға қайтарылды

07 маусым 2022, 10:22

Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына 446,4 миллиард теңгеден аса қаражат қайтарылды, себебі қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемін белгіленген мерзімде пайдаланбаған. Бұл туралы sputnik.kz тілшісі БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

"Уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 446,4 миллиард теңгеден аса қаражат қайтарылды, себебі қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған", - деп түсіндірді БЖЗҚ.

 

2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 323 432 өтінішін орындады.

 

Сонымен қатар емделуге берілген 298,0 миллиард теңгенің 384 969 өтініші орындалды.