Ұлттық банк доллардың 5 сәуірге арналған ресми бағамын белгіледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сейсенбіде доллар бағамы 472,76 теңге болады. Айта кетейік, доллардың 2-4 сәуірдегі ресми бағамы 472,56 теңге болған еді.
Рубльдің 5 сәуірдегі ресми бағамы 5,68 теңге болады.
Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі таңда Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы - 469,79 теңге, сатылымда - 474,28 теңге.
Нұр-Cұлтандағы пункттер валютаны орта есеппен 470,00 теңгеден сатып алып, 474,54 теңгеден сатып жатыр.