Нарық

57 мыңға жуық адамның несиесі кешірілуі мүмкін - Министр

  • © azh.kz

    © azh.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жыл соңына дейін Қазақстанда "жеңілдік алуға құқығы бар" қосымша 57 мыңға жуық адамның несиесі кешірілуі мүмкін айтты.

Оның айтуынша, алдыңғы акция аясында кейбір азаматтардың құжаттары "ресми дерек қорында болмағандықтан" құжаттарын толық әзірлеп үлгермей, жеңілдікке ілінбеген.

"Екі ай бойы осы жұмысты жасадық. Осылайша 1 қарашаға дейін соның бәрін жасап, қосымша 57 мыңға жуық азаматты осы жеңілдік алуға құқығы бар адам ретінде белгіледік. Үкіметке ұсыныс жасап, тиісті қаражат бөлу (9,4 миллиард теңге - Б.Н.) үшін әрекет жасадық. Жылдың аяғына дейін қаржылық мәселе шешілсе, осы 57 мың адамның несиесі өтелетін болады" деді Біржан Нұрымбетов.

Биыл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 маусымдағы жарлығымен 500 мыңнан астам адамның 300 мың теңгеге дейін несиесі кешірілді. Оған бюджеттен 106 миллиард теңге қаражат бөлінген. Бұл акция ресми түрде 5 қыркүйекте аяқталған. Бұған дейін кейбір аймақта тұрғындар "несиесі кешірілуі тиіс" азаматтар санатына жатса да, өздерінің жеңілдікке ілінбегеніне наразы болған.

Тоқаев жарлығына сәйкес, маусымның 1-іне дейінгі жалпы қарызы 3 миллион теңгеден аспайтын көп балалылардың, асыраушысынан айрылған отбасылар мен мүгедек бала бағатындардың, ата-анасыз қалған 29 жасқа дейінгі жастардың 300 мың теңгеге дейінгі кредиті кешірілуі тиіс болған.

 azattyq.org




Көрілген: 5470    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.11.2019, 17:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31