Нарық

«7-20-25» бағдарламасының шарттары өзгерді

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасының талаптарына өзгерістер енгізіп, оның мүмкіндіктерін кеңейтті. Бұл «Баспана» Ипотекалық ұйымынан хабарлады.


Бүгінде қарыз алушының қалауы бойынша тұрғын үй құнының 20%-нан артық соманы бастапқы жарна ретінде төлеуге рұқсат беріледі. Оның нәтижесінде негізгі борыш сомасы азайып, банктердің қарыз алушының төлем қабілеттілігіне қоятын талаптары төмендетіледі.


"Бұрынғы талап бойынша бекітілген бастапқы жарнаның тұрақты мөлшері қолында 20%-дан артық сомасы бар клиенттерге біраз қолайсыздықтар туғызғаны рас. Ал қазір азаматтар бастапқы жарнаны көбейту арқылы ипотеканы мақұлдау мүмкіндігін арттыра алады. Сонымен бірге, банктер үшін кредиттік тәуекелдер де төмендейді. «7-20-25» бағдарламасы уақыт талаптарына сай, қазақстандықтардың қалауын ескере отырып жаңаруда», - делінген хабарламада.


«7-20-25» бағдарламасына қатысушы банктер тиісті дайындық жұмыстарын жүргізуде.


Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама аясында ЦентрКредит, Сбербанк, Халық банк, АТФ банк, Jýsan bank, Bank RBK, Еуразиялық банк және ForteBank сынды 8 қаржы ұйымы несие береді. 


BAQ.KZ




Көрілген: 1091    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.06.2019, 10:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31