Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"7-20-25": ипотека алғандар айына қанша төлеп жатыр

14 наурыз 2019, 19:05

"Баспана" ипотекалық ұйымы "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардың портретін жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компанияның басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков бағдарлама бойынша берілетін кредиттің орташа сомасы 11,7 миллион теңге екенін, ол 20 жылға қарызға берілетін атап өтті. Ал қарыз алушылардың орташа жасы – 30-35.

"Қарыз алушылардың ең көп бөлігі кредитке ай сайын 60-80 мың теңге төлейді. Бұл қарыз алушылардың жалпы санының 22%. Сондай-ақ олардың 21% 80-100 мың теңгеден төлейді. Жалпы 60% қарыз алушының ай сайынғы төлемі 100 мың теңгеден аспайды", - деді ол сенаттағы отырыс кезінде.

Оның айтуынша, өтініш берушілердің табысына қойылатын талапты банктің өзі бекітеді.

"Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламаға екінші деңгейлі 8 банк қатысып жатыр. Олар еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді", - деді Қайрат Алтынбеков.

Төрағаның пікірінше, елімізде жаңадан салынып жатқан үйлердің аздығы – "7-20-25" бағдарламасының дамуын тежеп отырған негізгі фактор.

Қайрат Алтынбековтың айтуынша, биыл 16 мың пәтер салу керек.

"Өңірлердегі халық пәтер сатып алуға қызығушылық танытып отыр. Аталған мәселені шешу үшін әкімдіктер "7-20-25" бағдарламасы бойынша берілетін үйлердің санына ұсынысты арттырды", - деді ол.

Sputnik Қазақстан