Нарық

7 жылдың ішінде кейбір салалардағы кадр саны 30 пайызға қысқаруы мүмкін

  • 7 жылдың ішінде кейбір салалардағы кадр саны 30 пайызға қысқаруы мүмкін

    7 жылдың ішінде кейбір салалардағы кадр саны 30 пайызға қысқаруы мүмкін

7 жылдың ішінде кейбір салалардағы кадр саны 30 пайызға қысқаруы мүмкін. Бұл туралы бүгін XII АЭФ аясындағы Халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығына арналған конференцияда «Disco Consulting Group» серіктесі Дәулет Арғандықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Оның айтуынша, пессимистік болжамдарға сәйкес алдағы 7 жылдың ішінде кейбір саладағы кадрлардың саны 30 пайызға дейін қысқаруы мүмкін.


«Негізінен жұмыс регламенттеледі және жұмыстың барынша қарапайым алгоритмі қолданылады. Содан кейін енді 15 жылдан кейін бұл цифр 50 пайызға дейін жетуі мүмкін. Яғни, бұл жұмыс орындарын роботтар алмастыруы ықимал», - деді ол.


Сонымен қатар ол еңбек нарығы дамуының оң сценариі болуы мүмкін екендігін айтты.


Ал конференция жұмысына қатысқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның стратегиялық жоспарын жүзеге асыру ел экономикасын жыл сайын 4,5-5 пайыз өсімін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты. Бұл еліміздің әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге бағытталған мақсатына сай келеді.


«Еңбек өнімділігін 50 пайызға арттыру арқылы өсім сапасын қамтамасыз ету жоспарланған. Ол үшін шикізаттық емес экспорт көлемі 41 млрд долларға жетіп, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесі 35 пайызға дейін артуы қажет», - деді Г.Әбдіқалықова.


 




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.05.2019, 16:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30