Нарық

"7% қосып еді, бәрі қымбаттады": Ақтөбеде азық-түлік бағасы шарықтап кетті

  • "7% қосып еді, бәрі қымбаттады": Ақтөбеде азық-түлік бағасы шарықтап кетті

Ақтөбеде азық-түліктің бағасы шарықтап кетті. Әсіресе, қант, жұмыртқа, сұйық май едәуір қымбаттаған. Арнайы мекемелер әлеуметтік маңызы бар тауарларды қымбаттатқандарға қатысты тергеуді бастады. Егер қолдан жасалған қымбатшылық болса, айыппұл салынбақ, деп хабарлайды Аstanatv.kz телеарнасы.

Өңірдегі азық-түлік бағасының құбылуы, өткен жылдан басталған. Бір жыл ішінде қант 56 пайызға, қарақұмық 40 пайызға, күнбағыс майы 31 пайызға қымбаттапты. Бұқара: "басқа-басқа &ndash тамақ алуға қаражаттың жетпей жатқанын" айтты.

"Пенсияға 7 пайыз қосып еді. Бәрі қымбаттап шыға келді. Тіпті, 2 есеге қымбаттады. Жұмыртқа 30 теңге еді, қазір 60-70 теңге. Былтыр картоп 60 теңге еді. Биыл 160 теңге. Халықтың жағдайын ойласа осылай бола ма", &ndash дейді жергілікті тұрғындар.

Сауалнамаға қатысқан азаматтардың айтуынша, бұрын шемішкі май 5 литрі 2 мың теңге болған, қазір 3 мыңға шыққан. Ал табысы аз 60-70 мың айлық алатындардың жағдайы қиындай түскен.

Қымбатшылықты арнайы мамандардың жүргізген талдауы да растаған. Олардың зерттеуінше желтоқсан айында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы 4%-тен 12%-ке дейін өскен.

"Желтоқсан айының соңғы күндерін 2020 жылдың қарашасымен салыстырғанда бағаның өсуі байқалады. Күнбағыс майы &ndash 12,3%, қант &ndash 4,6%, жұмыртқа &ndash 3,4%, кептірілген кеспе &ndash 1,4%, қарақұмық жармасы 1,2%-ке қымбаттаған", &ndash дейді ұлттық статистикалық бюроның ақтөбе облыстық департаментінің басқарма басшысы Шара Нұрпейісова.
Жергілікті атқамінерлер болса, қарап жатпағандарын жеткізді. Қаладағы ірі сауда орындарымен бағаны тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойғандарын айтады. Ал азық бағасының күн санап өсуін олар өндірушілердің бағаны көтеруімен байланыстырып отыр.

"Қант өндірісі облыста жоқ. Қазақстанда тек екі өңір Жамбыл мен Алматы облысының өңдіру көлемі республиканы қамтуға келмейді. Біз Ресейден, Белоруссиядан импорттаймыз. Қазір Ресей нарығын қорғау мақсатында экспорттағы мөлшерін көтерді. Сол себепті баға көтеріліп жатыр", &ndash дейді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.

Ал күнбағыс майы Ақтөбенің өзінде шығарылады. Атқамінерлер өндірушілердің делдалдар арқылы қолдан баға көтеріп жатқанын анықтаған. Тіпті, бұған қатысты қазір тексеру жұмыстарын бастапты.

"Күнбағыс майын өндірушіге қатысты хабарламаның орындалмауына байланысты қарсы тергеу тағайыдалды. Оның нәтижелері бойынша заңбұзушылық фактілері болған жағдайда, монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданатын болады", &ndash дейді бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Сағындық Ерғалиев.

Мамандар жұмыртқа өндірушілерге қатысты да тексеру жұмыстарын қолға алған. Кәсіпкерлердің бағаны қолдан өсіруге әрекеттенгендері анықталса, қомақты айыппұл арқалауы мүмкін.

sputnik.kz




Көрілген: 2254    Пікірлер: 0

сенбі, 16.01.2021, 19:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31