7 сәуірге арналған доллар бағамы

06 сәуір 2022, 18:32

Қазақстанның Ұлттық банкі 7 сәуірге доллардың ресми бағамын белгіледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бейсенбі күні доллар бағамы 462,22 теңгеге тең болады. Айта кетейік, америкалық валютаның 6 сәуірдегі ресми бағамы 462,91 теңге.

 

6 сәуірдегі рубльдің ресми бағамы 5,54 теңге болады.

 

 

 

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 465,57 теңге, сату - 469,32 теңге.

 

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 465,90 теңгеден сатып алынып, 468,94 теңгеден сатылып жатыр.