724 дүкен азық-түлік бағасын негізсіз көтерген

06 тамыз 2022, 09:45

Кей өңірлерде азық-түлік бағасы негізсіз көтерілген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді.

 

Соңғы аптада 40 мыңнан аса сауда орнына рейд жүргізіліп, 734 дүкеннің бағаны негізсіз көтергені анықталды.

 

Нұр-Сұлтан қаласында 278 жағдай тіркелді. 

 

Одан кейін Шығыс Қазақстан облысында  - 80, Түркістан облысында  - 38, Батыс Қазақстан облысында – 33  дүңгіршек тауарға үстеме құн қосқан.

 

Ал, Қостанай және Маңғыстау облыстарында – 32, Жетісу облысында – 30, Ұлытау облысында -6 жағдай анықталды.

 

Құзырлылар рейд барысында ескерту түрінде 126 әкімшілік хаттама толтырып, 1 айыппұл салған.