Нарық

«750 млрд теңге төлемі кейінге қалдырылды» - Асқар Мамин

  • «750 млрд теңге төлемі кейінге қалдырылды» - Асқар Мамин

    «750 млрд теңге төлемі кейінге қалдырылды» - Асқар Мамин

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі барлығын «таза парақтан» бастайын деп жатқаны туралы хабарлады.

Шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа пакеті 50 мың бизнес субъектісіне сауалнама жүргізу негізінде әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты деп жазды  BAQ.KZ.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы салық режимдерін қолданатын шағын және микро кәсіпкерлік субъектілерін табыс салығынан 3 жылға босату қолданылады. Осы жылдың бірінші қаңтарынан бастап қызмет көрсету салаларында алынған табыстың 3% мөлшерлемесімен бөлшек салықтың жаңа арнайы режимі енгізілді. Биылғы бірінші сәуірден бастап, бірінші шілдеге дейін зардап шеккен салаларда еңбекақы төлеу қорынан салықтарды төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілетін болды, - деді Әсет Ерғалиев.

Ол сауалнамаға 50 мыңнан астам адам қатысқанын, «Атамекен» ҰКП жүргізген кәсіпкерлік субъектілеріне ШОБ қолдау бойынша жаңа шаралар пакеті дайындалғанын атап өтті.

Ал Үкімет басшысы Асқар Мамин шағын және орта бизнес субъектілерінің салықтық және кедендік берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу 2021 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатып қойылғанын жеткізді. 

Бұл кәсіпкерлерге айналым капиталын толтыру үшін қосымша 279 млрд теңгені жұмсауға мүмкіндік жасайды. Екінші деңгейдегі банктерде кредиттер бойынша төлем мерзімін биылғы 1 шілдеге дейін шегеру шаралары қабылданды. Кейінге қалдырылған төлемдер көлемі 750 млрд теңгені құрайтын болады, - деді Асқар Мамин.
Бұған дейін Ұлттық экономика министрі барлығын «таза парақтан» бастайын деп жатқаны туралы хабарлады.
 




Көрілген: 553    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 13:07

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31