Нарық

Brent мұнайының бағасы 43 доллардан асты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Әлемдік биржада Brent маркалы мұнайдың бағасы 6 наурыздан бері бірінші рет 43 доллардан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Биылғы тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы Лондонның ICE биржасында1,7% өсіп, баррелі 43,02 долларға жетті.

 

Сауда алаңының соңғы мәліметтерінде осылай делінген. Мұнайдың бұл түрінің құны соңғы рет 6 наурызда 43 доллардан жоғары болған еді. Одан кейін күрт құлдырап кетті.

 

Ал WTI маркалы мұнайдың баррелі 40,22 доллар деңгейінде тұр. Бұл - өткен сауда кезіндегі бағадан 1,7 пайыз жоғары.

 

ОПЕК+ министрлері 6 маусымдағы кеңесте тағы бір ай бойы, яғни шілденің соңына дейін мұнай өндіруді азайту жөнінде келіскен болатын.

 

Бұл - мұнай өндірісі тарихындағы ең ауқымды төмендету болып отыр.

 




Көрілген: 396    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.06.2020, 08:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31