Нарық

Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі

  • Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі

    Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі

Даңқты модельдің тарихы 1960 жылдан бастау алады. Malibu ол кезде Chevrolet Chevelle моделінің ең қымбат түрі еді. Ал 1978 жылы Malibu жеке модель ретінде шығарыла бастады. Артқы жетекті автомобиль шанағы седан, универсал және купе түрлерінде Канада мен Мексикадағы зауыттарда құрастырылды.

Бүгінде Chevrolet Malibu қала тұрғынының барлық қажетін өтейтін қолайлы көлікке айналған. Бизнес-кластағы седанда көлікті кілтсіз ашу, дауыспен басқаруға болатын Bose аудижүйесі, Apple CarPlay мен Android Auto, ыстық күнде құтқаратын орындық желдету жүйесі орнатылған. 

Дизайнелер Malibu-дың кескінін жасағанда Camaro-ны үлгі ретінде алған. Оған қоса сынық сызықтары мен иілімдері оны спорт көлігіне ұқсатады. Бұл детальдар жайдан жай жасалмаған. Өйткені 1973-1983 жылдар аралығында Chevrolet Malibu көліктері NASCAR жарыстарына қатысқан.

Көліктің ішкі көрінісін жасауда дизайнерлер сапалы материалдарды қолдана отырып, орталық консольдағы батырмалардың санын қысқартуға тырысқан. Көп батырмалардың орнына диагоналі 7 дюйм болатын MyLink кешені және Touch Screen орнатылған.

Chevrolet Malibu үш комплектацияда қолжетімді: қуаты 166 аттың күшіне тең, 1,5LT қозғалтқышы орнатылған көлік және қозғалтқышы 2.0T LT, 2.0T LTZ болатын екі топтамасы бар.

Сарапшылар Chevrolet Malibu тек спорт дизайнымен ғана емес, жолдағы көрсеткішімен де ерекшеленетінін айтады. Көлік кез келген жағдайда динамиканы бірқалыпты ұстауға қауқарлы, ал қозғалтқышы екі литрлік көліктер үнемділігімен ерекше.

Бұған қоса Malibu көлігі қауіпсіз саналады. Әрбір көлік сегіз қауіпсіздік жастығымен жабдықталған. Ал қауіпсіздік жүйесі еңіс жерде автоматты тоқтау мүмкіндігіне ие.

Қазақстандықтарға жаңа автокөлікті төмен пайыз мөлшерлемесімен сатып алуға мүмкіндік беретін жеңілдетілген автокредиттер бағдарламасы қарқын алып, халық арасында зор сұранысқа ие. Chevrolet Malibu қожайыны болу мүмкіндігі бюджетіңізге айтарлықтай әсер етпейді, бұл – әсіресе, қаржылық тұрақсыздық жағдайындағы өзекті мәселе.

Жеңілдетілген несие бағдарламасымен сатып алу шарттары

- Көлік қазақстандық өндірістен шығуы керек;

- Автосалоннан сатып алу қажет;

- Несие валютасы - теңге;

- Несие мерзімі - 7 жылға дейін;

- Сатып алынатын автокөліктің құны 15 миллион теңгеден аспауы қажет;

- Алғашқы жарна - көлік құнының 10-нан 20 пайызына дейін;

- Несие бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4 пайыздан аспауы қажет;

- Жылдық тиімді мөлшерлеме жылдық 7,5 пайыздан аспауы керек.

Қажетті ақпараттың бәрін 7810 жедел желісінен немесе ресми дилерлерден алуға болады.

 




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.07.2020, 21:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31