Нарық

Eurasian Resources Group (ERG) Мақтааралға $5 млн қаражат бөлді

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы тұрғындарына көмек ретінде ERG $5 млн қаражат бөліп отыр. Қомақты қаржы тілсіз жаудан зардап шеккен өңірді қалпына келтіруге жұмсалады.

 

«ERG әлеуметтік жауапты компания ретінде елде төтенше жағдай орын алып жатса, әрдайым көмек беруге ұмтылады. Бұл жолы да Мақтаарал тұрғындарының басына іс түскенде Еуразиялық Топ ұжымы мен басшылығы шет қала алмайды. Біз аймақтың тезірек қалпына келуін және тұрғындарға сын сағатта барынша сабыр тілейміз», – деді Eurasian Resources Group Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

 

Eurasian Resources Group Қазақстанның бірқатар облыстарында әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру жөнінде жасалатын Меморандумдар аясында тұрақты қолдау көрсетіп келеді.

 

Жалпы алғанда 2001-2019 жылдар аралығында Еуразиялық Топ құйған әлеуметтік инвестициялардың жалпы көлемі 272,5 млрд теңгеден асқан. Бұдан сәл ертеректе, ERG коронавирус инфекциясының таралыуна тосқауыл қамында республикалық «Біз біргеміз» қорын құруға алғашқылардың бірі болып $10 млн бөлсе, Елордадағы алдын алу шараларына қосымша 100 млн теңге бағыттаған болатын. Пандемияға қарамастан, Еуразиялық Топ құрамындағы барлық кәсіпорындар қалыпты тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Өндіріс жоспарлары тиянақты орындалуда.

 

egemen.kz

 




Көрілген: 318    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.05.2020, 22:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31