Нарық

Finbet букмекерлік кеңсесі заңсыз ойын бизнесімен айналысқан

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері Finbet букмекер кеңсесінің әрекеттеріне шектеу қойылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижелері бойынша Finbet букмекер кеңсесінің заңсыз әрекеттерінің жолын кесті. Осы ұйымның лауазымды тұлғалары букмекер қызметімен қатар Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан. Құмар ойындарға заңсыз ақша қабылдау Алматы, Шымкент, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 мекемеде жүзеге асырылған", - делінген хабарламада.

18 желтоқсанда ауқымды арнайы операция жүргізілді, оның барысында соттың санкциясымен бір мезгілде сегіз өңірде тінту жүргізілді, онда Қаржы мониторингі комитетінің деректері бойынша Finbet букмекер кеңсесі заңсыз ойын қызметін жүзеге асырған.

"Заңсыз қызметтен түскен жыл сайынғы табыс - 3 миллиард теңге. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасады", - деп толықтырды комитет өкілдері.

 




Көрілген: 543    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.12.2019, 17:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29