Нарық

Fly Arystan әуе компаниясының билеттері қымбаттап кеткені рас па?

  • Fly Arystan әуе компаниясының билеттері қымбаттап кеткені рас па?

    Fly Arystan әуе компаниясының билеттері қымбаттап кеткені рас па?

  • Fly Arystan әуе компаниясының билеттері қымбаттап кеткені рас па?

    Fly Arystan әуе компаниясының билеттері қымбаттап кеткені рас па?

Билеттердің жалпы санының 2 проценті ғана басқа бағамен сатылған."Fly Arystan" бюджеттік әуе компаниясының билеттері қымбаттаған жоқ. Бұған дейін айтылған бағамен сатылып жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Белгілі болғандай, жолаушылардың 2 проценті "Fly Arystan" билеттерін қымбатқа сатып алған.


"Мен бір апта бұрын мониторинг жасадым. Билеттердің жалпы санының 2 проценті ғана басқа бағамен сатылған. Ал, негізінен, билеттер компания белгілеген бағамен сатылып жатыр. Мәселен, Орал бағытына – 12-13 мың теңге, Таразға – 6 900 теңге", - деді Қасымбек үкімет кулуарында.


Үкімет басшысының орынбасары билет құнының әртүрлі болуы жолаушының жүгі мен таңдаған орнына байланысты екенін айтты.


"Біреу жүгімен ұшады, енді біреулері барлық билет сатылып кеткен кезде бір-ақ алады. Бұл динамикалық жүйе", - деді ол.


Оның айтуынша, Қазақстанның авиациялық тасымал нарығы айтарлықтай үлкен емес. Жыл сайын 5-6 миллион адам ұшады.


"Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында қатынайтын теміржол жолаушыларының бір бөлігі осы лоукостерге ауысып жатыр",- деді Қасымбек.


Айтуынша, биыл Fly Arystan әуе компаниясында төрт ұшақ болады. Жаңа әуе компаниясы бір жылдың ішінде 1 миллион адам тасымалдауды жоспарлап отыр. 




Көрілген: 992    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.04.2019, 13:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31