Нарық

Helios компаниясы дизель отынының қымбаттау себебін түсіндірді

  • Helios компаниясы дизель отынының қымбаттау себебін түсіндірді

    Helios компаниясы дизель отынының қымбаттау себебін түсіндірді

«Helios» компаниясының өкілі Денис Трандафилов дизель отынының қымбаттау себептерін түсіндірді, — деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

 
Маркетинг және сату департаментінің директоры Денис Трандафиловтың айтуынша, қазіргі уақытта кейбір жанармай бекеттерінде дизель бағасы құбылып тұр.

Оның басты себебі – тапшылық.

«Дизель отынының тапшылығы мен қымбаттауына бірнеше себеп бар. Атап айтар болсам, біріншіден, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымал ұлғайды. Сонымен қатар біздің елде дизельдің бағасы көрші елдермен салыстырғанда төмен. Екіншіден, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егін жинау науқаны басталды және жол құрылысының маусымы аяқталды. Үшіншіден, мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары да әсер етті. Төртіншіден, импорт жеткізілімдерінің болмауы», — дейді «Helios» компаниясының өкілі Денис Трандафилов.
Спикердің сөзінше, жағдайды тұрақтандыру үшін қазан айында жүз мың тоннаға жуық дизель отынын импорттау қажет.

«Қазіргі уақытта біз ресейлік мұнай өнімдерін өндірушілермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Дизель отынының импорттық бағасының жоғары болуына қарамастан, оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін сатып алу өте маңызды, содан кейін жанармай бекеттерінде бағаны тиісті түрде түзету қажет, бұл елдегі дизель отынына қатысты жағдайды тұрақтандырады», — дейді ол.

aikyn.kz




Көрілген: 588    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.09.2021, 18:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31