Нарық

Nur Otan зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу кезінде 10% салық салудан бас тартуды ұсынды

  • Фото: gov.kz

    Фото: gov.kz

Nur Otan партиясы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу кезінде 10%-тік салық салудан бас тартуды ұсынады.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында 2021 жылдың өзінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға, емделуге немесе басқарушы компаниялардың иелігіне беруге пайдалана алуы міндетін қойды.

 

Сонымен қатар, Салық кодексіне сәйкес қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының мерзімінен бұрын алынған бөлігіне 10 проценттік табыс салығы салынатын болады.

 

Осыған байланысты партиялық куратор, Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Артур Платонов зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу кезінде 10 проценттік салық салуды алып тастау бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды.

 

Nur Otan партиясы Мемлекет басшысының бастамасы, ең алдымен, халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған, сондықтан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану кезінде ерекше жағдайлар қарастыру қажет деп есептейді.

 

«Азаматтардың зейнетақы жинақтарын алу кезінде салық түрінде ұстауға жоспарланған қаражат мемлекеттің барлық экономикалық мәселелерін шешпейді, бірақ тұрғын үй мәселесін шешуде, мұқтаж азаматтарды емдеуде айтарлықтай көмек бола алады», – деді Артур Платонов.

 

24.kz




Көрілген: 304    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 14:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30