Нарық

SCAT, Air Astana және Fly Arystan ТЖ кезінде тоқтаған рейстер үшін билет ақшасын қайтаратын болды

  • SCAT, Air Astana және Fly Arystan ТЖ кезінде тоқтаған рейстер үшін билет ақшасын қайтаратын болды

    SCAT, Air Astana және Fly Arystan ТЖ кезінде тоқтаған рейстер үшін билет ақшасын қайтаратын болды

Сауда және интеграция министрлігі SCAT, Air Astana және Fly Arystan клиенттеріне төтенше жағдай кезінде тоқтатылған рейстер үшін билет ақшасы қайтарылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.

"Комитет қазақстандықтардың тұтынушылық құқықтарын қорғау мақсатында төтенше жағдай кезінде тоқтаған рейстердің билет құнын қайтару бойынша Bek Air-ден басқа SCAT, Air Astana, Fly Arystan авиакомпанияларымен жұмыс жасайды. Комитет осы уақытқа дейін ақшасы өтелмеген азаматтардың тізімін жасауды бастады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты отандық авиакомпаниялардың тоқтатылған рейстері үшін билет ақшасын алмаған азаматтарға билетті сатып алғанын растайтын барлық құжаттарды көрсетуі керек. Олар: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, авиабилет және төлемді растайын чек. Аталған құжаттарды тұтыну құқықтарын қорғау мақсатындағы комитетке ұсынуы керек.

Тұтыну құқықтарын қорғау мақсатындағы комитет атына өтініш электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады. Пошта мына мекен-жай бойынша қабылдайды: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 2-кіреберіс. Сондай-ақ, Telegram-бот арқылы: kzpp_bot. 




Көрілген: 584    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 16:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31