Нарық

TEDxAstana конференциясы

  • TEDxAstana конференциясы

    TEDxAstana конференциясы

4-қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында TEDxAstana конференциясы өтті. Шараға осымен үшінші жыл қатарынан «Қазақтелеком» компаниясы қолдау көрсетіп отыр. Биыл компания конференция алаңында «TV+» сервисінің тұсауын кесті.

 

Биылғы конференция «Supernova» — «Жап-жаңа жұлдыз» деген тақырыпта өтті. Ғаламшар осындай Жаңа Жұлдыздардың көмегімен жаңарады, дамиды. Мұндай жұлдыздар: жаңа идеялар, көкейтесті жобалар мен оларды жүзеге асыратын батыл адамдар Қазақстанда да аз емес.

 

«Ұйымдастырушылар бірегей идеялар мен жоба авторларын іздеп, олардың жұлдызын жағуға талпынады. «Қазақтелеком» да өз саласындағы осындай жаңа идеяларды іске асыруға белсенді үлес қосып келеді. Сонымен қатар біз кез-келген озық тәжірибені зерттеп, оны қолданысқа енгізуге дайынбыз. TEDxAstana жобасы бізге осынысымен жақын», — деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

 

Биыл конференция өз саласында көш бастап жүрген, ешкімге ұқсамайтын 13 спикердің басын қосты. Олар экология мен архитектурадан бастап, білім мен ғарыштық зерттеулерге дейінгі аралықтағы тақырыптарға қатысты ойларымен, идеяларымен бөлісті. Технологиялар мен оларды дамыту жайлы екі бірпдей спикер сөз қозғады. Соның бірі – Назарбаев Университетінің тұңғыш зағип түлегі, асисстивті технологиялар жөніндегі сарапшы Зият Әбдіқайымов. Ол әсіресе қазіргідей цифрландыру заманында сандық инклюзияның маңыздылығына тоқталды.

 

«Қазақтелеком» TEDxAstana жобасына бірнеше жылдан бері қолдау көрсетіп келеді. Біз заман талабына сай дамып, әлемді жақсартуға үлес қосып келе жатқан осындай компаниямен серіктес болғанымызды мақтан етеміз», — дейді конференция жетекшісі Әлия Сандыбаева.

 

Карантинге байланысты ПТР нәтижесі теріс, Ashyq қосымшасында «Жасыл» статусы бар 150 қатысушы ғана конференцияны оффлайн режимінде тамашалауға рұқсат алды. Сонымен қатар, тағы 660 адам бас серіктестің техникалық қолдауының арқасында конференцияны онлайн режимде қарады.

 

«Қазақтелекомның» «TV+» жобасы – ғаламтор бар жерде сүйікті телеарналарды тікелей эфирде, телебағдарламаларды, кинофильмдер мен сериалдарды мұрағат арқылы көруге мүмкіндік беретін бірегей интерактивті жоба.

 

TEDx — TED ғаламдық қорының әлемге таратуға лайықты идеяларды іздеуге бағытталған жобасы. TEDx конференциялары TED қорының арнайы лицензиясымен дүниежүзіндегі 3 мыңнан астам қала мен университеттерде өткізіледі. 

 

TEDxAstana конференциясы Қазақстанның елордасында осымен бесінші рет өткізілді.

 

 

 

 

 




Көрілген: 583    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 20:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31